Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары ант қабылдады

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары ант қабылдады

Бүгін салтанатты жағдайда Орта Азиядағы жалғыз әскери-инженерлік институттың бірінші курс студенттері Отан алдында адал болуға ант берді.

Биыл әскери институтқа еліміздің әр өңірінен келген 140-тан астам талапкер қабылданды. Бір ай бойы курсанттар жас жауынгер курсынан сәтті өтті.

Бірінші курс студенттерін құттықтай отырып, институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков әскери антқа адал болу – халықтың, Президенттің, Конституцияның алдындағы борыштарын адал атқару екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Мүбәрак Орынбеков сөз сөйледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына қарай, салтанатты шараға курсанттардың туыстары мен жақындары шақырылған жоқ. Оларға арнайы online-трансляция ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында соңғы үлгідегі оқу-материалдық база бар, сондай-ақ тұрғын үй-тұрмыстық жағдай жасалған. Бұнда әскерде де, педагогикалық қызметте де үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жиналған. Оқу аудиториялары мен зертханалары түрлі радиотехникалық стендтермен, компьютерлік техникамен, үдеткіштермен және тренажер кешендерімен жабдықталған. Әскери техникада курсанттардың қатысуымен өтетін іс жүзіндегі сабақтар институттың оқу-жаттығу орталығында өткізіледі.