Қорғаныс министрінің Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтауы

Қорғаныс министрінің Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтауы

Құрметті көк қырандары!

Сіздерді кәсіби мереке – Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтаймын!

1998 жылдан бастап еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, әуе шебін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Осы кезеңде ұшқыштардың, инженерлік-техникалық құрамның, байланысшылар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарының бірнеше буыны маман ретінде қалыптасып, сапқа қосылды.

Сіздер Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы қойған міндеттерді абыроймен орындап келесіз.

Қазіргі кезде авиация Әуе қорғанысы күштерінің негізгі маневр жасайтын әскер тегі болып табылады. Ол еліміз үшін маңызды шептерді, аудандар мен объектілерді қарсыластың әуеден жасайтын соққысынан сенімді қорғап, объектілерді жан-жақты дәлме-дәл зақымдауға қабілетті.

Сіздер Қарулы Күштердің анағұрлым жоғары технологиямен жабдықталған әскер тегі ретінде Отанымыздың егемендігін кепілді түрде қорғай аласыз.

Офицер мырзалар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен сарбаздар, қадірлі ардагерлер!

Кәсіби мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан және ел  игілігі жолындағы қызметте толағай табыс тілеймін!