Қорғаныс министрінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің күнімен құттықтауы

Қорғаныс министрінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің жеке құрамы!

Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймын!

1992 жылғы 2 шілдеде Қорғаныс министрлігінің бөлімі болып құрылған осы бөлімше қазіргі уақытта Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментіне дейін қалыптасып, даму жолынан өтті.

Сіздер бейбіт уақытпен қатар соғыс уақытында да алдыңызға қойылған міндетті абыроймен орындаудасыз. Бұл, әсіресе, COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ерекше көзге түсті.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысу барынша күш-жігерді және қолда бар барлық ресурсты жұмылдыруды талап еткен нағыз сынақ кезеңі болды.

Сіздің жеке құрам «Протон» зымыран тасығышы апатының салдарын жоюға, егіс алқаптарын дезинсекциялауға және ауқымды дала өртін сөндіруге тартылды.

ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЭКСПО саммиттері, Қысқы универсиада, Азия ойындары сияқты көптеген халықаралық, қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық          іс-шаралардың радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіңіз ерекше.

Сіздерге Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау бойынша міндеттер де жүктелген.

Әрқашан жауапты әрі сын сағатта жоғары кәсіби шеберлік, батылдық, ерлік пен жанқиярлық таныта білесіз.

Сіздің сын-қатерге, тәуекелге толы қызметіңіз бағалауға және құрметтеуге лайық.

Құрметті офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен сарбаздар, ардақты ардагерлер!

Сіздерді РХБ қорғау әскерлері күнімен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде толағай табыс тілеймін!