
Бас қолбасшы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетовтың басшылығымен өтетін оқу-жаттығу 29 маусымда басталып, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Бұған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің, Әскери-әуе күштерінің әскери басқару органдары мен тікелей бағынысты әскери бөлімдер қатысады.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу жедел даярлық деңгейін арттыруға, штабтар жұмысын ұйымдастыру бойынша, жедел өрістету барысында құрамалар мен бөлімдерді басқаруда барлық дәрежедегі командирлердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Оқу-жаттығу үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде әуе қорғанысы күштері құрамаларының және бөлімдерінің басқару органдары жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Екінші кезеңде тиісті құжаттарды әзірлеу және қажетті есептеуді жүргізіп, қайта топтастыруды жоспарлады.
Соңғы кезеңде әуе экипаждарының және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің есептоптарын қайта орналастыру және марш жасау барысындағы іс-қимылдары іс жүзінде пысықталатын болады.