
Аталмыш құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21 тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Жобада киім-кешек қызметінің техникалық құралдарын пайдалануға беру, тікелей пайдалану, беру, қабылдау, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кешенді техникалық қызмет көрсету тәртібі айқындалады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен 2021 жылғы 28 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9438653.