Әуе қорғаныс күштерінде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды

Әуе қорғаныс күштерінде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері жазғы оқу кезеңінің басталуы аясында жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді.

Әскери қызметшілерді хабардар ету жүйесіне, объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігіне, командирлер мен штабтардың кәсіби даярлығына, жеке құрамның жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлық деңгейіне, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйіне, сондай-ақ тылдық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл оқу кезеңінің айрықша ерекшелігі – қазіргі кездегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалда жауынгерлік әзірлікке келтіру мәселелерін пысықтау.

– Шаралардың басты мақсаты жеке құрамның жауынгерлік дағдыларын жан-жақты тексеру, тез арада қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әскери қызметшілердің әзір болуы, сонымен қатар бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен бірлесе қызмет атқару деңгейіне баға беру болып табылады, – деді Әуе қорғаныс күштері бас штабының бастығы генерал-майор Фазылолла Бәденов.

Жауынгерлік әзірлікке келтіру Бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік әзірлікке келтіру нақты мүмкіндіктерді, әскери басқару органдарының белгіленген мерзімде жан-жақты дайындығын жүзеге асыруға және қойылған жауынгерлік міндетті орындау қабілетін тексеруге мүмкіндік береді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің жеке құрамы тактикалық-саптық сабақтар өткізу барысында күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Ұшу, инженерлік-техникалық құрамдар, зениттік зымыран есептоптары, радиотехникалық және байланыс бөлімшелері әуе барлауын жүргізу, нысаналарды алып жүру және оларды шартты түрде жою бойынша жүктелген оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады.

2021 оқу жылының жазғы оқу кезеңінде Әуе қорғанысы күштеріндегі іс-шаралар мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді, алдыңғы оқу кезеңінде қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып, жоспарланғанын атап өту қажет.