Әскерилер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Әскерилер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Риддер қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады.

Бұл көмек көрсету жөнінде бастаманы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері –  өрт болған аумақтың тумалары көтерді.

Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жеке құрамының көп бөлігі жоғарыда аталған бастаманы қолдап, ақшалай қаражатты арнайы шотқа аударады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 10 мамырында Риддер маңында орналасқан орман алабы өртке оранды. Өрттің таралуы салдарынан бір адам қаза тапты, ал екеуін күйік шалып, 37 үй өртенді.