
Алматы облысы Тілендиев аулындағы қазақстандық бітімгерлік полкі оқу-жаттығу орталығының базасында қазақстандық бітімгерлердің тіл дайындығы аяқталды.
2021 жылдың 22 ақпаны мен 28 мамыры аралығында десанттық-шабуылдау әскерлерінен 30 әскери қызметші оқыды.
Тіл дайындығының мақсаты – әскери қызметшілердің ағылшын тілін меңгеру үшін тиімді жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлік әлеуетін нығайтуға көмек көрсету.
Аталмыш курс Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі елшілігінің әскери бөлімі мен «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасының үйлестірушісі Габриэль Фарреллдің қолдауымен ұйымдастырылды.
Бітімгерлерге сертификаттарды Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Эндрю Холтон табыс етті.
