Қазақстанның Құрлық әскерлерінде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылды

Қазақстанның Құрлық әскерлерінде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылды

Жауынгерлік даярлықтың деңгейі, әскери тәртіптің ахуалы, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау сапасы – осының бәрі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің және әскер тектерінің қолбасшыларымен қорытынды шығару барысында айтылды.

Құрлық әскерлерінде оқу кезеңіндегі бес айда шұғыл және жауынгерлік даярлық бойынша 1000-нан астам шара өткізілді. Оның ішінде маңыздылары: екі жақты бригадалық тактикалық оқу-жаттығулар, басқару органдарымен көп сатылы командалық-штабтық оқу-жаттығулар, «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін тексеру болды. Сонымен қатар, жеке құрам «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты.

– Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіби шеберлігі артқанын байқадық. Жеке құрам қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары тәртіп пен әскери борыштың үлгілі орындалуын көрсете білді, - деп  атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы үздік деп танылды. Әскери бөлімдер арасында – 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасы  да бар.