
Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарымен жиын өтті.
Қорғаныс министрлігі әскери объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары ауқымының қарқыны артқанын ескере отырып, әскери инфрақұрылымдардың қамтылуын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Жиын барысында әрбір аудандық пайдалану бөлімі қызметіне талдау жасалып, өткен жылыту маусымының қорытындысы талқыланды.
Қорғаныс ведомство басшысының бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің объектілерін қамту мен пайдалану мәселелеріне қатысты тапсырмалар анықталды.
Жауапты лауазымды тұлғаларға жаңа жылыту маусымына ғимараттар, инженерлік желілер мен коммуналдық нысандарды сапалы дайындауды ұйымдастыру, штатты білікті инженерлік-техникалық және жұмыс персоналымен қамтамасыз етуді аяқтау тапсырылды. Жөндеу мерзімдерін сақтау, күрделі жөндеу объектілері мен модульдік ғимараттарды аяқтау мәселелері АПБ бастықтарының жеке бақылауында екені атап өтілді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылу мәселелеріне жеке тоқталды. Қазіргі таңда аудандық пайдалану бөлімінің штатына өзгерту енгізу жұмыстары мен лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылары арқылы қызметкерлердің жалақысын арттыру жұмысы жүргізілуде.
Биыл жөндеу топтарымен 42 асхана, 26 монша-кір жуу кешендеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
