
Қазақстандық әскери қызметшілер Екатеринбургте өткен ТМД-ға мүше елдер қарулы күштерінің топографиялық қызметтері арасындағы Үйлестіру комитетінің отырысына қатысты.
Кеңес барысында топографиялық қызметтердің өзара іс-қимылы, әскери мақсаттағы бірыңғай геоақпараттық жүйені дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Тактикалық буынды басқарудың бірыңғай жүйесін топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіту рәсімдері, сонымен қатар ТМД-ға мүше елдер қарулы күштеріне қарайтын топографиялық қызметтердің 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды.
– Осындай іс–шараларды өткізу ТМД-ға мүше елдер қарулы күштерінің топографиялық қызметтері арасында әскери мақсаттағы бірыңғай геоақпараттық жүйені құру саласында бірыңғай жорықтарды әзірлеу бойынша өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға және күш-жігерді біріктіруге ықпал етеді, – деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев.
«Адуйский» полигонында өткен әдістемелік оқу-жаттығу жиыны кезінде тактикалық буын бөлімшелерін далалық жағдайда жер туралы геокеңістік ақпаратымен (электрондық карталармен, жергілікті жердің 3D моделдерімен) қамтамасыз ету бойынша эпизоды көрсетілді.
Кеңеске қатысушылар Орал оптикалық-механикалық зауытына барып, топогеодезиялық мақсаттағы өнімдермен, оның ішінде жаһандық навигациялық жерсерігі жүйесінің қабылдағыштарын көріп, олардың бағдарламалық жасақтамасымен танысты.
Анықтама ретінде: ТМД-ға мүше елдер қарулы күштері топографиялық қызметтерінің Үйлестіру комитеті Қорғаныс министрлері кеңесінің пішінінде дамуда, бұл Достастық барлық мемлекеттерінің мүдделерін ескере отырып, Нормативтік-құқықтық базаны және әскери ынтымақтастық практикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұйым қызметі шеңберінде ТМД-ға мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан Қарулы Күштерінің топографиялық қызметтерімен көпжақты әскери ынтымақтастық іске асырылуда.