
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 Қаулысына өзгерістер әзірленді.
Бұрын 167 тармаққа сәйкес оқ-дәрі түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті таратуды құрылтай және рұқсат құжаттарына сәйкес оған ведомстволық ұйым уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асыратын. Құжаттың жаңа редакциясында аталған тармаққа өзгеріс енгізіліп, ол мынадай редакцияда жазылды:
«Оқ-дәрілер түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті жоюды құрылтай және рұқсат беру құжаттарына сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша ұйым жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оқ-дәрілерді жою мүмкін болмаған кезде көрсетілген оқ-дәрілер уәкілетті органның шешімі негізінде баланста ұстаушының күштерімен және құралдарымен жойылады».
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8237353.