Әскери бөлімдер мен мекемелерді медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау нормалары бекітіледі

Әскери бөлімдер мен мекемелерді медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау нормалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 609 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Бұл құжаттың жаңа редакциясы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде 2021 жылға арналған нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау жоспары» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 727 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицинасын дамыту Жол картасының іс-шараларын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес әзірленді.

Аталмыш бұйрық жобасын қабылдау медициналық көмек көрсету үшін Қарулы Күштердің әскери-медициналық мекемелерінде Қазақстанда тіркелген медициналық бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7754789.