Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды

Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды

«Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімдері мен бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, оларды шартты дағдарыс ауданына жеткізу ұйымдастырылды. Аталмыш оқу-жаттығуда Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Оқу-жауынгерлік тапсырмалар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен қоса жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығуда Қарулы Күштерден 1500-нан астам әскери қызметші, кемелер мен авиацияны қосқанда, екі жүзге жуық әскери техника қатысады.

«Қалқан-2021» 2021 жылдың 17 сәуіріне дейін жалғасады.