
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Құжатқа редакциялық сипатта түзету енгізілді, атап айтқанда 1-қосымшада «ауыспалы құрам» деген сөздер алынып тасталды.
Құжатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітіргені және айырым белгілерін орналастыру, пайдалану мен олардың сұлбалық бейнелену тәртібі регламенттеледі.