Полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарының қызмет ережесіне өзгерістер әзірленді

Полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарының қызмет ережесіне өзгерістер әзірленді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүргізген құқықтық мониторинг нәтижелеріне сәйкес «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полигондары мен оқу-жаттығу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 639 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын дайындады.

Өзгерістер мен толықтырулар полигондардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің әртүрлі жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды және онымен көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7285689.