Мемлекеттік құпияларды қорғау шебінде

Мемлекеттік құпияларды қорғау шебінде

1999 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазіргі кезде қолданыстағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы бекітілді, онда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың бірыңғай жүйесі белгіленген болатын.

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік құпияларды қорғау шебінде жеке дара департамент қызмет етуде.  

– Мемлекеттік құпияларды қоғау және оны заң тұрғысында реттеу саласында, мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету, маңызды элементтің бірі болып табылады. Ақпаратқа иелік ету – қоғам мен бәсекелестікті басқару құрылғысы. Ақпараттық технология ғасырында құпияларды жасыру қиындық туғызуда. Сол себепті әрбір әскери қызметшінің заң нормаларын қатаң сақтауы, еліміздің қорғаныс қабілетін ұйымдастыру бойынша өткізіліп жатқан шараларды құпияда ұстаудың кепілі, –  деп атап өтті Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник  Ильнұр Бисембаев.

Осы атаулы күнде құрылымдық бөлімше мемлекеттік құпияларды сақтау ісіне елеулі үлес қосқандарды құрметтейді. Осындай қызметкерлердің бірі – запастағы полковник Василий Негуляев. Ол 40 жылдан астам осы салада қызмет етіп, оның 27 жылын әскери қызметте өткерген, ал 2016 жылы офицер құрметті демалысқа шықты. Василий Негуляев – ҚР Қорғаныс министрлігінің көптеген нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау ауқымындағы қызметті реттейтін құжаттарды әзірлеуші.

Кәсіби мереке қарсаңында запастағы полковник I дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Марапатты Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов табыс етіп, Василий Негуляевтың бүгінгі күні азаматтық персонал ретінде еңбек етіп, жас офицерлерге тәжірибесімен бөлісуін атап өтті.