Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы

Құрметті Қарулы Күштер ханымдары!

Сіздерді өз атымнан және Қарулы Күштердіңер – азаматтары атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болып табылатын 8 наурыздың шуақты күн сәулесімен жер беті жылынып, табиғат оянатын көктемнің алғашқы күнімен қатар мерекеленуі бекер емес.

Еліміздің Қарулы Күштерінде адамзаттың нәзік те сымбатты өкілдерінің алатын орны ерекше.

Бүгінгі күні әртүрлі мамандық иесі 7379 әскери қызметші ару ер-азаматтармен қатар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, армияның жауынгерлік әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Аяулы арулар!

Сіздер Қарулы Күштердің барлық саласында аянбай қызмет етудесіз. Ер-азаматтар меңгерген барлаушы, десантшы, мерген, әскери ұшқыш мамандығын біліктілікпен атқарудасыз.

Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші қыздар қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған.

Офицер әйелдер қатары жыл сайын көбеюде. Он жыл бұрын Қарулы Күштерде 750 офицер әйелдің 4-уі полковник болса, ал бүгін – 913 офицердің 20-сы полковник әскери атағында.

Штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде төрт әскери қызметші әйел Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Сахарадағы және Ливандағы миссияларына қатысты.

8 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қарарының 20 жылдығына орай бүкіл әлем бойынша дипломатиялық миссиялар желісі арқылы бітімгер әйелдерді қолдау науқаны өтеді.

Олар қарулы жанжалдар құрбандарының осал топтарымен жұмыс істеу үшін арнайы топтар Female Engagement Team құрамында ерекше гуманитарлық миссияны орындайды.

Еліміздің тарихы да аналарымыздың қайсарлығы туралы оқиғаларға толы.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Қарасай батырдың қызы Есенбике, Бұланбай батырдың қызы Айбике сынды арулар туған жерінің әрбір сүйемі үшін жанқиярлықпен шайқасқан.

Қадірлі Қарулы Күштердің ардагер әйелдері!

Сіздер күрделі міндеттерді еңсерумен қатар бойыңыздағы табиғи нәзіктікпен отбасында береке-бірлікті сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлесіз.

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс қызметін ерекше атап өткім келеді. Олар командирдің әскери тәртіпті сақтау, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жалпы моральдық-психологиялық жай-күйінқолдау ісіндегі көмекшісі болып табылады.

Әскери қызметшілердің сенімді серігі болған жарларынада ерекше алғыс білдіремін. Біз, ер-азаматтар, отбасының ұйытқысы болғаныңыз, мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңыз үшін қарыздармыз. Әйел затына тән қасиеттер ер-азаматтың күш-жігерін арттырып, кез келген қиындықты жеңуде қуат береді, өмірімізді жарқын әрі шуақты етеді.

Отан алдындағы қасиетті борышын адал өткеріп жүрген Отан қорғаушыларымыздың аналарына да шын жүректен ризашылық білдіремін. Әйел даналығы мен қамқорлығы, еңбекқорлығымен кез келген қиындыққа төзе білу қасиеті Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде маңызды фактор болып табылады.

Құрметті арулар!

Сіздер – отбасында ардақты ана, аяулы жар, қызметте білікті мамансыздар. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға шаттық, құт-береке тілеймін. Осынау шуақты мереке көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін!