
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық жөніндегі шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу болып табылады.
Шартты іске асыру әскери ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі, мәдениет пен спорт саласындағы, сондай-ақ әскери ынтымақтастықтың басқа да бағыттарындағы екі мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасауды, өзара іс-қимыл мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін жобада қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы» № 438 Жарлығына қол қойылған болатын.
Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 3 наурызға дейін сілтеме бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6957968.