
Қорғаныс ведомствосы «Тиісті салада (ауқымда) зерттеулер, консалтингтік қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» министр бұйрығының жобасын дайындады.
Бұйрықты қабылдау талдамалық және әлеуметтік ғылыми зерттеулер, консалтингтік қызметтер, мемлекеттік тапсырма, сондай-ақ оларды орындау жөніндегі қызметтер құнының негізделген және бағасын ашық белгілеу процесін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6755793.