Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету жөнінде келісім дайындалды

Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету жөнінде келісім дайындалды

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол қою мақсатында әзірленді.

Бұндағы мақсат – Қазақстан Республикасының әскери мүлкін Тәжікстан Республикасына бір жолғы беруге құқықтық негіз құру.

Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6766673.