
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.
Аталған жоба жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша әзірленді.
Атап айтқанда, 16-тармақ 38-23, 38-24 және 38-25 тармақшалармен толықтырылды. Орталық аппараттың функцияларына мынадай толықтырулар:
- қорғаныс объектілерін салу, қайта жаңарту және пайдалану үшін мемлекеттік-жеке серіктестік шарттары бойынша, оның ішінде тұжырымдама шарты бойынша жер учаскесін уақытша ақысыз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік-жеке серіктестік шарттары бойынша, оның ішінде тұжырымдама шарты бойынша жеке серіктестік пен концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару;
- мемлекеттік-жеке серіктестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекіту енгізілді.
Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 8 ақпанына дейін интернет-порталдың ашық нормативтік құқықтық актілер бойынша сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6567030.