
Алматы қ. АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында қоғам және мемлекеттік қайраткер, № 1 Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан дәстүрлі турнир өтті.
«Ежелгі дәстүрі бар бұл турнир Қазақстанда ғана емес, елімізден тысқары мемлекеттерде аса танымалдылыққа ие. Жыл сайын турнирге отандық бокс өкілдерімен қатар таяу және алыс шетелдегі мемлекеттерден 180-нен аса жетекші спортшы қатысады. Сондай-ақ Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның былғары қолғап шеберлері қатысады.
Қазіргі уақытта біз ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатырмыз. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы С. Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнирдің ең жоғары деңгейде өтуіне басымдық мақсат беріп отыр», - деді АОСК бастығы Айталап Қорғамбаев.
Сондай-ақ Спорт комитеті – АОСК басшысы мұндай турнирлердің өткізілуі өскелең ұрпақтың адамгершілігін нығайтуға ықпал ететінін және атлеттердің жауынгерлік рухын дамытады.
