Алматыда «АрХО-2019» халықаралық байқауларының өткізілу аудандарын алдын ала барлау жүргізілді

Алматыда «АрХО-2019» халықаралық байқауларының өткізілу аудандарын алдын ала барлау жүргізілді

«Отар» 40-шы әскери базада ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Д. Оспановтың жетекшілік етуімен «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау» халықаралық байқауларының қатысушыларын орналастыру және өткізілу орындарын алдын ала барлау жүргізілді.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери өкілдері қатысты. Алдын ала барлау барысында қатысушылар оқу-жаттығу полигондарында байқаулардың өткізілу орындарын қарап шықты. Онда оларға әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері ұсынылды, байқау кезеңдерін орындау кезңнде практикалық іс-қимылдар, сондай-ақ командалардың тұруы мен тамақтануы орындары көрсетілді.

Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде Қазақстанның аумағында ҰҰА есептоптарының «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» сайыстары және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау»  байқауы өтеді. Ағымдағы жылы Армиялық ойындар 10 мемлекеттің аумағында өтеді. Ойынның 32 байқауының ішінен Қазақстан әскери қызметшілерінің 16 байқауға қатысуы жоспарлануда.  

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы сайыстардың қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің құрамасы 32 елдің ішінен жалпы командалық үшінші орынды еншіледі. Қазақстанның командасын ұйымдастырушылар ең көрнектілердің бірі деп таныды. Ойынның төрешілер алқасының мүшелері дайындықтың жоғары деңгейін, қазақстандық әскери қызметшілердің кәсібилігі мен жауынгерлік машығын атап өтті.