ММА Азия чемпионатында армиялық спортшылар жеңіске жетті

ММА Азия чемпионатында армиялық спортшылар жеңіске жетті

Бангкокта (Таиланд) IMMAF-WMMAA әлемдік ұйымы аясында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті. Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары алтын және күміс медальдарға ие болды.

Армиялық балуан Аян Тұрсын салмағы 46,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды. Қарулы Күштердің қоржынына 61,2 келіге дейінгі салмақта «күміс» жүлдені Сора Рахмонова әкелді. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола медальға ие болды. Осының арқасында қазақстандық жауынгерлер бірінші орынды иеленді.