Қазақстандық әскери қызметші Германияда «күміс» жүлде иеленді

Қазақстандық әскери қызметші Германияда «күміс» жүлде иеленді

Немістің Ганноверінде оқ атудан өткен халықаралық турнирде Армия орталық спорт клубының спортшысы Юрий Юрков күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ю. Юрков 50 метр қашықтықта шағын калибрлі мылтықтан атыс сайысына қатысқан болатын.

«Біздің спортшы жоғары даярлық деңгейін көрсете отырып, кезекті мәрте өз шеберлігі мен кәсіби деңгейін дәлелдеді. Қазақстан құрама командасы армия спортшысының нәтижесінің арқасында жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Сонымен қоса, мергеніміз аталған пән бойынша рекорд жаңартты. Енді бізді 24-31 мамыр аралығында Мюнхенде өтетін Әлем кубогы күтіп тұрғанын айта кеткен жөн», - деп хабарлады АОСК-ның тұрып оқ ату командасының бастығы Ольга Важнина.