
Алматы облысында Ресей Федерациясының Рязань облысында «АрХО-2019» аясында өтетін «Авиадартс-2019» халықаралық байқауына қатысуға ұшу экипаждарын дайындау жүргізілуде.
ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің командасы майдандық және армиялық авиацияның әуе кемелеріндегі байқауға қатысатын болады. Олардың құрамына СУ-30СМ көп мақсатты жойғыштар, Ми-35М соққы беретін тікұшақтар және Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтар кірді. Ағымдағы жылы «Авиадартс» 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ұшу құрамының дене дайындығы тексеріледі.
Екінші кезең барысында ұшқыштарға өздерінің кәсіби машықтары мен ұшу шеберліктерін паш етуге, жоғары пилотаж фигураларын орындау мен бүркемеленген жерүсті объектілерді тауып алуға тура келеді. Үшінші кезеңде әуеайлақтардың инфрақұрылымын елестететін жерүсті нысаналарды, ұзақ уақытты атыс бекітпелері мен қолда бар басқарылмайтын авиациялық зымырандардың көмегімен шартты қарсыластың техникасын жоюға тура келеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы Ми-35М тікұшақтарында «Соққы беретін жауынгерлік тікұшақтар» номинациясында бірінші орынды, СУ-30СМ ұшақтарында «Жойғыш авиация» номинациясында екінші орынды және Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік топтың тікұшақтарында «Армиялық авиация» номинациясында үшінші орынды иеленді.
