Әскери мүлікті пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

Әскери мүлікті пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (жүзбелі сақтандыру белгілерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған жобаны әзірлеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 ақпандағы №75 қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларының 2-тарауының 1-параграфында көзделген жүзбелі сақтандыру белгілерін пайдалануды ұйымдастыруды нақтылау.

Құжаттың толық мәтінімен Ашық үкімет порталында нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6230148.