
ҚР Қорғаныс министрлігі «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанынан тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанында тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 155 бұйрығының күші жойылды деп тану жөніндегі бұйрық жобасын әзірледі.
Егер бұрын осы қағидалар Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін болса, енді бұлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Құжат жобасының толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5419880.