
ҚР Қорғаныс министрлігі арсеналға тікелей тиесілі аймақта (тыйым салынған аймақ) инженерлік-саперлік бөлімшелердің оқ-дәрі қалдықтарын жинау жұмыстары барысында оқ-дәрі жарылып, соның нәтижесінде өрт шыққанын және өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілгенін хабарлайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті халыққа еш қауіп жоқ. Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелердің жұмыстары аяқталғанға дейін арсенал аумағына жақындауға тыйым салынғанын ескертеді.
Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=6134