
Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін әскери бөлімді көшіру бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару жүзеге асырылуда. Әскери бөлімді көшіру мәселесі ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың жеке бақылауында. Оқ-дәрілерді алып жүру және күзету әскери қарауыл және әскери полицияның күшімен жүзеге асырылатын болады. Қазіргі сәтте қаланың тыныс-тіршілігін қалыпқа келтіру жөнінде төтенше жағдай салдарын жоюға тартылған ҚР Қарулы Күштерінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысы жалғасып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Қазіргі уақытта жарылыс қаупі жоқ оқ-дәрілерді анықтау және жою жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=6135