Гауптвахталар тәртіпті және онда ұстау ережелері пысықталды

Гауптвахталар тәртіпті және онда ұстау ережелері пысықталды

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады.

ҚР қылмыстық-атқару заңнамасына және халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар жобасы енгізілді.

Құжат жобасының толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5359623.