
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
9-тармаққа толықтыру енгізілді, оған сәйкес қамауға алынғанды гауптвахтаға қабылдау кезінде жеке тексеруді бір жынысты адам жүргізеді.
18-тармақта барлық қамауға алу мерзімін өтемеген қамауға алынғанды емдеу мекемесіне шұғыл жатқызу қажеттігі туралы хабарламаны әскери полиция органының бастығы сотқа және әскери бөлімнің командиріне жазбаша түрде хабардар етеді.
Құжат жобасының толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5359552.