
Аталған жоба «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңы 22-бабы 2-тармағының 26-27 тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың мақсаты –жекешелік әріптес пен концессионердің шығындарын өтеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, соның ішінде концессия шарты бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару тәртібін айқындау.
Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5848363.