
Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.
Бұл жоба «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-26-тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Аталған құжат мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары шеңберінде, оның ішінде концессия шарты бойынша қорғаныс объектілерін салуға, қайта жөндеуге және пайдалануға жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
Құжат жобасының толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5848102