
ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуір түсірулерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын жасады.
Бұл нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты – ҚР Қарулы Күштерінде сүңгуір түсірулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін белгілеу.
Аталған бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-70-тармақшалары негізінде әзірленді.
Құжаттың толық мәтінімен Ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: