
Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде қысқы оқу кезеңінің аясында командирлердің оқужаттықтыру ұшулары өтті. Оған майдандық, армияның және әскери-транспорт авиациясының тәжірибелі нұсқаушылары мен командирлер буыны қатысады.
Алғашқы командирлік ұшулар көрнекі ұшу болып саналатындықтан, оларды басшылық құрам мен барынша дайындалған ұшқыштар орындайды. Сабақтың бұл түрі әуеде түрлі міндеттерді орындаудың бірыңғай әдістемесін пысықтауға, ұшу құрамын оқытуға және оның практикалық дағдыларын қолдауға арналған. Бұл ұшу алдындағы дайындықтан, міндеттер қоюдан және қорытынды шығарудан басталатын ұшуды ұйымдастыру мен жүргізудің өзіндік түсініктемесі іспеттес.
Апта ішінде офицерлер күндіз-түні, жай және күрделі ауа-райы жағдайларында ұшуды, қонуды және бағыт бойымен ұшуларды пысықтайды. «Оқу-жаттығу жиындарындағы ұшқыштардың барлық іс-қимылы айқын және нақты пысықталды, өйткені бүгінгі күні әскери әуеайлақта тек жоғары білікті мамандар ғана жас ұшқыштарға озық тәжірибе бере отырып, тапсырмаларды пысықтады. Командирлік ұшуларда мақсатқа қол жетті. Қорытындысы бойынша жауынгерлік шеберлік пен ептілікті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді», - деді әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Владимир Меримбаев.
Естеріңізге сала кетсек, әскери ұшқыштар ең батыл, ең төзімді және ең батыр маман болып саналады. Олардың мінсіз шеберлігі жауынгерлік тапсырманың сәтті орындалуына ғана емес, тікелей ұшқыштың жеке қауіпсіздігі мен басқа адамның өмірін сақтауға да қатысты.