
Қорғаныс ведомствасы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі парашют (парашютті десант, әуе десанты) даярлығы жөніндегі ережені бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағы 17-98 тармақшаларына сәйкес әзірленді.Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталының нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5418487.