
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Бұйрыққа өзгеріс енгізудің басты мақсаты – тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкестендіру.
Қағидалардың жаңа редакциясы тұрғын үй комиссиясының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі әскери полиция органының және гарнизон әкімшілігінің өкілдерін енгізуді көздейді.
Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1912061