
Қорғаныс ведомствосында өткен кезекті аппарат кеңесінде жаңа оқу жылының басталуы мәселелері қаралды.
Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдеріне күзгі шақырудың аяқталғаны туралы баяндалды. Оның барысында 6 700-ден астам азамат әскерге шақырылды. Қазіргі уақытта олар бөлінген бөлімшелер бойынша әскери қызмет өткеруде.
Қорғаныс министрінің бұрын берген тапсырмасына сәйкес полигондарды жарылыс қаупі бар заттардан жаппай тазарту аяқталды. Бұған дейін тазарту жұмыстары тек атысты жүргізудің негізгі бағыттарында ғана жүргізілген болса, онда биыл ол оқу алаңдарының барлық аумақтарын, оның ішінде жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізуге қарамастан, техникалық және оған іргелес аумақтарды қамтыды.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жаңа оқу жылының басталуына байланысты барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігін атап өтті. Бұл ең алдымен жауынгерлік әзірлік бойынша тактикалық-саптық сабақтарды өткізуге, штабтар мен басқару органдарының жауынгерлік жұмысын ұйымдастыруға қатысты болмақ. Карантиндік іс-шараларға байланысты шектеулер жағдайындағы бөлімшелердің қызметіне ерекше назар аудару керектігі де сөз болды.
Қорғаныс министрлігінің жоспарларына сәйкес және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әскерлерді жоспарлы ғана емес, стандартты емес міндеттерді де орындауға үйретуге бағытталған кенеттен жүргізілген тексерулерге үлкен мән беріледі.
Қаржы тәртібін сақтау мақсатында қорғаныс ведомствосының басшысы бюджет қаражатын дер кезінде және тиімді игеруге, жыл қорытындысы бойынша кредиторлық және дебиторлық берешектерге жол бермеуге назар аударды.
Сонымен қатар, бас қолбасшыларға олардың жауапты аймақтарында нысандарды салуға және жөндеуге қатысты мәселелер бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасымен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер қойылды.
Желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында әскери нысандардың жоғары жауынгерлік әзірлігін, қырағылығын, диверсияға қарсы қауіпсіздігін, жеке құрам арасындағы құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.