
Қорғаныс министрлігі әскери киім нысаны мен оның айырым белгілері туралы бұйрықтың жобасын әзірледі.
«Әскери басқару органдарына, әскерлер түрлеріне, әскери оқу орындарына және басқа құрылымдық бөлімшелерге тиістілігін білдіретін, ерекше салтанатты, күнделікті жеңілдетілген, далалық және арнайы киім нысанын, заттардың жиынтығын, айырым белгілерін және оған тігілетін ерекше белгілерін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы ведомствалық дәстүрлері мен атқаратын жауынгерлік, әскери оқу-жаттығуларын және арнайы міндеттерін ескере отырып дайындалды.
Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталының нормативтік құқықтық актілер тарауы арқылы танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5266146.