
Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы Күштердегі әскери полиция органдарының кинология қызметін ұйымдастыру ережесін әзірледі.
Нормативтік құқықтық актілерде қызметтік иттерді пайдалану жөнінде міндеттер нақтыланған және Қарулы Күштердегі әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру белгіленген.
Ережелерде қызметтік иттерді даярлауды жоспарлау тәртібі, жаттығулар жүргізу, сондай-ақ олардың деңгейін тексеру нормативтері жазылған.
Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталының нормативтік құқықтық актілер тарауында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5236752