
Қорғаныс ведомствосымен «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
Өзгеріс 19-қосымшаға енгізілді, онда «оралмандар» сөзі «қандастар» сөзіне ауыстырылды.
Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5229017