
ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қазанда №589 бұйрығы өз күшіне енді.
Нормативтік құқықтық акті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 11-бабы 1-тармағының 12 тармақшасына сәйкес қабылданды.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 924 бұйрығының күші жойылды деп танылды.
Құжаттың толық мәтінімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы құжаттар бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/documents/details/88001?lang=ru