Метрологиялық өлшеу құралдарымен жабдықтау нормаларына толықтырулар енгізу жоспарлануда

Метрологиялық өлшеу құралдарымен жабдықтау нормаларына толықтырулар енгізу жоспарлануда

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 313 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.

Енгізілген толықтырулар цифрлі өлшеу құралдарға салыстырып тексеру жүргізуді, өлшеу құралдардың салыстырып тексеруде болу уақытын орташа 20-40% қысқартуды, моральді ескірген өлшеу құралдарды ауыстыруға, жекеменшік ұйымдарда салыстырып тексеруді қысқарту арқылы бюджеттік қаражат шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құжаттың толық мәтінімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы құжаттар бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/documents/details/88159?lang=ru