200 шақырымнан астам арақашықтыққа көлік құралдарын пайдалану қағидалары әзірленді

200 шақырымнан астам арақашықтыққа  көлік құралдарын пайдалану қағидалары әзірленді

Қорғаныс ведомствосы Қарулы Күштері көлік құралдарын 200 шақырымнан астам арақашықтыққа пайдалануды ұйымдастыру бойынша бірыңғай тәртібін белгілейтін қағидаларын әзірленді.

Қағида 200 шақырымнан астам арақашықтыққа рейске шығу үшін құжаттарды әзірлеу мен жоспарлау алгоритмі анықталған, сондай-ақ ұзақ қашықтыққа рейске шығатын көлік құралдарына бақылау жүргізу тәртібі белгіленген.

Жоғарыда аталған құжатта гарнизон бастықтарына өздерінің бұйрықтарымен транзиттік көлік құралдарын қоятын және жүргізушілердің түнгі демалысын жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен мекемелерді айқындау құқығы берілген.

Құжаттың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5257739