Ұжымдық жедел ден қою күштерінің жаттығуы

Ұжымдық жедел ден қою күштерінің жаттығуы

Алғаш рет Ресей Федерациясының әуе-десанттық әскерлерінің базасында ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің қолбасшылығымен командалық-штабтық жаттығу өтуде.

Командалық-штабтық жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның әскери қызметшілері, Біріккен штаб және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Хатшылығының қызметкерлері қатысады.

Командалық-штабтық жаттығу Мәскеу облысында орналасқан әуе-десанттық әскерлері басқармасының 38-ші гвардиялық бригадасының базасында ұйымдастырылған. Ұжымдық жедел ден қою күштерінің шарасына ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров басшылық етеді.

Жаттығу барысында әуе-десанттық әскерлерде өрістетілген ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштері басқару пунктінің құрылымы сынақтан өткізілетін болады.