
ҚР Қорғаныс министрлігі «Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығының жобасын әзірледі.
3-тармақта аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жүргізетін лауазымды тұлға өзгертілген. Жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелді
Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларынан 2-тармақтың 4-абзацы алынып тасталды.
Бұйрықтың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5311472