Әскери-медициналық мекемелерінің тізіміне енгізілген дәрілік заттарды пайдалану туралы бұйрық әзірленді

Әскери-медициналық мекемелерінің тізіміне енгізілген дәрілік заттарды пайдалану туралы бұйрық әзірленді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Бірінші көмек дәрі қобдишаларының, медициналық көмек жиын-төсеуінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерінде (медициналық бөлімшелерінде) жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізімдерін бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрықты қабылдау ҚР тіркелген дәрілік заттардың және Қарулы Күштерде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын, әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілген дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5196632