ҚР Қарулы Күштерінде Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары әзірленді

ҚР Қарулы Күштерінде Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары әзірленді

Жобада әскери қызмет қауіпсіздігінің негізгі ұғымдары, Әскери полициясы бас басқармасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, басшылық ету, жоспарлау және талдау мәселелері қамтылған.

Қағидаларда әскери қызмет қауіпсіздігін ұйымдастыруды бақылау тәртібін жүзеге асыру, сондай-ақ осы бағытта қызмет атқаратын лауазымды тұлғалардың міндеттері егжей-тегжейлі көрсетілген.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық үкімет порталындағы нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5226221.